Төтенше жағдай • 02 Мамыр, 2023

Ақтөбе облысында газ өңдеу зауыты өртенді

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңажол кен орнындағы №2 газ өңдеу зауытында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында газ өңдеу зауыты өртенді

Оқиға 1 мамырда сағат 15:55-те болған. 112 пультіне Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі Жаңажол кен орнында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ №2 газ өңдеу зауытының аумағында УПЛУ-1 өртенгені туралы хабарлама түскен.

Күйік шалған 4 жұмысшы Темір ауданының орталық ауруханасына шұғыл түрде жатқызылған. Зардап шеккендер тұрақты ауыр жағдайда.

«Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен облыстық ТЖД өкілдері оқиға орнын әуеден тексерді. Өртті жою бойынша жедел штаб құрылды. Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр. Өртті сөндіруге 52 құтқарушы мен 9 техника жұмылдырылды», делінген хабарламада.

Өрт 2 мамырда сағат 06:20-да сөндірілді.