Ауа райы • 01 Мамыр, 2023

Ертең елімізде ауа райы қандай болады?

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 2 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертең елімізде ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, батыста, оңтүстік-батыста жаңбыр жауады. Маңғыстау облысында кей уақытта  қатты жауын болады.
 
Шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын күтіледі. Алматы облысында кей уақытта қатты жауын-шашын болады.
«Қазақстанда жел күшейіп, республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күн күркіреп, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік пен шығыста тұман, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл болады», делінген хабарламада.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 13-15 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 15-17 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні секундына солтүстік-шығыстан 8-13 метр, күндіз 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 24-26 градус жылы болады.