Хоккей • 30 Сәуір, 2023

ЦСКА – Гагарин кубогінің иегері

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден Гагарин кубогі жолындағы жарыс өз мәресіне жетті. Биылғы маусымның бас жүлдесін Мәскеудің ЦСКА клубы мен Қа­занның «Ак Барс» ұжымы сарапқа салды.

ЦСКА – Гагарин кубогінің иегері

Бір команданың төрт жеңісіне дейін жалғасатын финалдық матчта Қазақстан құрамасының қорғаушысы Даррен Диц өнер көрсететін ЦСКА клубының бағы жанды – 4:3. ЦСКА Аренада ұйымдастырылған соңғы, жетінші матчта мұзайдын иелері Қазаннан келген қарсыластарын 3:2 есе­бімен қапы қалдырып, қатарынан екінші мәрте Гагарин кубогіне қол жеткізді. Мәс­кеуліктердің жеңіс голын 32-минутта Даррен Диц соққанын айта кеткен жөн.

Сондай-ақ бұл матчта ЦСКА сапынан Антон Слепышев (21-минут) және Владислав Каменев (31) мергендік танытты. Ал «Ак Барс» командасынан Кирилл Петров (20) пен Дмитрий Воронков (28) бір-бір шайбаның авторы атанды. Осылайша, Даррен Диц Қазақстан хоккейшілері арасында екі дүркін Гагарин кубогінің жеңімпазы атанса, «Ак Барс» сапында өнер көрсеткен Кирилл Панюков алғаш рет күміс жүлдеге ие болды.

 

Соңғы жаңалықтар