28-29 сәуір аралығында Эль-Кувейтте өткен жарысқа әлемнің 27 елінен 150-ден астам спортшы қатысты. Қазақстанның атынан 8 салмақ дәрежесінде 15 спортшы бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Қазақстан спортшылары 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
– Әлемдік аренада алтын медаль жеңіп алғаныма өте қуаныштымын. Финалда мен түрікмен дзюдошысы Довран Язкылычовпен кездестім. Бұл керемет жекпе-жек болды. Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақановқа осы жарысқа қатысуға мүмкіндік бергені үшін, сондай-ақ өз жаттықтырушыларыма алғысымды білдіремін, – деді Е. Еренқайыпов.