Қазақстан • 27 Сәуір, 2023

Білім беру саласында жаңа медаль пайда болады

1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрлігі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысына өзгеріс әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім беру саласында жаңа медаль пайда болады
Қаулының «Ведомстволық наградалармен марапаттау негіздемелері» деген бөлімінде «Мейірім – әлемге махаббатпен» медалі деген сөз «Мейірім» медалі болып өзгертілді.

«Мейірім» медалімен балаларды адамгершілік-рухани тәрбиелеу жүйесін дамытуға, жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласын жетілдіруге елеулі үлес қосқан, сондай-ақ балалардың әл-ауқатының деңгейін арттыруға, балалар үшін қолайлы жағдайлар жасауға, балалар инфрақұрылымын дамытуға ықпал ететін білім беру саласының қызметкерлері және өзге де адамдар марапатталады.

 

 

Құжат 16 мамырға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:10

Тарихы терең рухани орда

Аймақтар • Бүгін, 09:05

«Ацтека». Доп. Дүбір!..

Футбол • Бүгін, 09:00

Рыбакина орнын сақтап қалды

Теннис • Бүгін, 08:58