Тағайындау • 27 Сәуір, 2023

Риддер қаласы әкімінің міндетін атқарушы тағайындалды

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әкімнің орынбасары Дархан Қосантаев әкімнің міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz «Ustinka.Live» сайтына сілтеме жасап.

Риддер қаласы әкімінің міндетін атқарушы тағайындалды

Қосантаев Дархан Дәуренбекұлы 1991 жылы 4 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Қаратоғай ауылында дүниеге келген. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің экономика және менеджмент факультетін бітірген, біліктілігі «Қаржы бакалавры»; Семей қаласындағы ҚазГЗИУ, біліктілігі «Заң бакалавры».

2013-2014 жылдары - Шемонаиха ауданы Усть-Таловка ауылы әкімінің аппаратында бас маманның міндетін атқарушы, одан кейін Шемонаиха ауданы Усть-Таловка ауылы әкімінің аппаратында бас маман;

2014-2015 жылы - Шемонаиха аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінде, одан кейін Шемонаиха аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде бас маман;

2015-2017 жылдары - «Шемонаиха ауданы Усть-Таловка ауылы әкімінің аппараты» кенттік инфрақұрылым бөлімінің басшысы;

2017-2020 жылдары - Шемонаиха аудандық қаржы бөлімінде коммуналдық мүлікті есепке алу және есептілік, басқару және мониторингі секторының меңгерушісі, кейін Шемонаиха аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі;

2020-2021 жылдары – Риддер қаласы әкімі аппаратының кадрлық жұмыс бөлімінің басшысы;

2021-2022 жылдары - Риддер қаласы әкімі аппаратының басшысы;

2022 – осы уақытқа дейін – Риддер қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.

Еске салайық, Риддер қаласының әкімі Дмитрий Анатольевич Горковой 2023 жылы 21 сәуірде кенеттен қайтыс болған еді.