Қоғам • 25 Сәуір, 2023

Қырғыз тілі мен мәдениеті орталығы

530 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қыр­ғыз тілі мен мәдениеті орталығы ашылды. Онда тілдік және әдеби бағыттар бойынша оқыту қолға алынады. Сондай-ақ Ош мем­лекеттік университетімен бірлескен қос диплом бағдарламасы жүзеге асып отыр.

Қырғыз тілі мен мәдениеті орталығы

Салтанатты шараға Еуразия ұлт­тық университеті мен Ош мемле­кеттік университетінің ректорлары Ерлан Сыдықов пен Құдайберди Қо­жобеков, еліміздегі Қырғыз Рес­­публикасының Төтенше және өкі­летті елшісі Дастан Дюшекеев және екі елдің ғалымдары мен оқы­ту­шылары, студенттері қатысты.

– Бұл – біздің негізгі серіктесіміз Ош мемлекеттік университетімен ғылыми-академиялық ынтымақ­тас­тық аясындағы байланысты ке­ңей­тудегі маңызды қадам. 2019 жыл­дан бастап біздің оқу орнында Қыр­ғызстанның жоғары оқу орын­дарынан 200-ден аса өрен әртүрлі білім беру бағдарламалары бойын­ша оқыды. Орталықтың ашылуы бауырлас екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі ны­ғайтуға ерекше үлес қосатынына сенімдіміз, – деді Ерлан Сы­дықов.

Былтыр Қырғыз елінде Л.Н.Гу­милев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінің филиалы ашыл­ды. Бүгінгі таңда онда 30-ға жуық қыр­ғыз студенті білім алады. Олар қазақ тілі, аударма ісі мен әде­биет мамандығы бойынша оқи­ды.

– Біздің университеттер ара­сындағы ынтымақтастық Қыр­ғыз­стан мен Қазақстан арасындағы дип­ломатиялық қатынастардың дамуына әсер етеді. Өйткені бі­лім – мемлекеттер арасындағы көпір. Біз үшін Еуразия ұлттық университеті – Қазақстандағы үздік университет. Бүгінгі маңызды іс-шара екі жоғары оқу орны ара­сындағы достыққа серпін береді деп сенемін, – деп атап өтті Ош мем­лекеттік университетінің ректоры Құдайберди Қожобеков.

Сонымен қатар еліміздегі Қыр­ғыз Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Дастан Дю­ше­кеев екі мемлекет арасында білім беру саласында келісім бар екенін жеткізді. «Орталықтың ашылуы біздің азаматтарымыз, осында оқитын студенттер үшін сапалы білім алуға жол ашады»,  деп атап өтті дипломат.

Соңғы жаңалықтар

Оралу: рух күші

Руханият • Кеше

«Алисаның» қазақша нұсқасы

Ғалам ғажаптары • Кеше