Аймақтар • 24 Сәуір, 2023

Шу ауданында асыл тұқымды қошқарлар көрмесі өтті

861 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында қой шаруашылығына көңіл бөлініп, тұқымын асылдандыру қолға алынып жатыр. Осыған орай Шу ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы, асыл тұқымды қошқарлардың көрме-аукционы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шу ауданында асыл тұқымды қошқарлар көрмесі өтті

Өңірдегі шаруалар көрмеге 200 бастан көп асыл тұқымды қошқар әкелген. Қазылар алқасы қойлардың салмағы мен бойына қарай баға берген. Көрмеде тоқты қошқардың салмағы 130, сақа қошқарлардың салмағы 201 келіге дейін жеткен.

Қой шаруашылығын дамытуға облыс әкімі Нұржан Молдиярұлы баса мән беріп, шараның ұйымдастырылуына мұрындық болған.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек қатысып, бұл көрменің маңыздылығына тоқталды.

«Мал тұқымын асылдандырумен айналысатын ғылыми зерттеу институттарымен жұмыс жүргізуге облыс бюджетінен арнайы қаржы берілді. Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл халқының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мен мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін арттыруда дәстүрлі сала – қой шаруашылығын өркендетудің маңызы ерекше. Ендеше, шаруаларымыздың ісі берекелі болсын!», деді Қ. Мәдібек.

Айта кетейік, аймақта қой өсіретін 1500-ден аса шаруашылық бар. Онда 3,5 млн бас қой бар. Бұл шаруашылықтарда еділбай, қазақтың құйрықты қылшық жүнді, меринос, қаракөл және де басқа тұқымдары өсірілуде.

...

 
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025