Футбол • 23 Сәуір, 2023

«Тобыл» мен «Ақтөбе» тең түсті

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 7-турында «Тобыл» мен «Ақтөбе» жасыл алаңға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Тобыл» мен «Ақтөбе» тең түсті

Екінші ойын күніндегі негізгі кездесудің бірі «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақтөбе» командалары арасында өтті. Кездесуде командалар 2:2 есебімен тең нәтиже көрсетті.

Кездесу барысында алдымен ақтөбелік клубтан Арман Кеңесов 28 Лука Гадрани 69-минутта екі гол соққан еді. Оған «Тобыл» шабуылшысы Игорь Сергеев 73, 85-минутта екі голмен жауап қайырды.

Ал «Атырау» өз алаңында Павлодар облысының «Ақсуын» 2:1 есебімен сүріндірді.

Ойын барысында ақтаулық клубтан Чкоб Новак 89 93-минутта мергендік танытса, «Ақсу» cапынан Қайрат Жырғалбекұлы 65-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.