Қоғам • 21 Сәуір, 2023

Жеңіл өнеркәсіп саласында 10 мың жұмыс орны ашылады

631 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, қазір инвестициялық жобалар пулында жеңіл өнеркәсіпке қатысты 60-қа жуық жоба бар. 2025 жылға дейін жүзеге асырылатын осы жобалар бойынша 10 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеңіл өнеркәсіп саласында 10 мың жұмыс орны ашылады

«Жеңіл өнеркәсіп -  адам өмірінде үлкен маңызға ие сала. Неге десеңіз, тұтыну көлемі жағынан аталған сектор екінші орында келеді, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтитын әлеуметтік тұрғыда өте маңызды сала саналады. Біздің алдымызға республикадағы барлық шикізатты дайын өнімге дейін өңдеп, шығару міндеті қойылған», деді ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының міндетін атқарушы Олжас Сапарбеков.

2023 жылдың қаңтар-наурыз аралығында елімізде 55,5 млрд теңге сомасына жеңіл өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 37,8%-ға көп. Сонымен қатар, өндірісті үздіксіз жалғастырып келе жатқан кәсіпорынның саны 2022 жылмен салыстырғанда 9%-ға немесе 122 нысанға ұлғайғаны байқалып отыр.

Жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс өсімі оның барлық түрінде тіркелді: тоқыма бұйымдарын өндіру 57,6%-ға, киім өндірісі 11,7%-ға, былғары және оған қатысты өнімді шығару 7,4%-ға артқан.

Бұл бағытта өңірлер арасында Түркістан облысы (28,5%), Шымкент (16%) және Алматы қалалары (8%) мен Ақмола облысы (5,6%) көш бастап келеді.

Биыл 10-шы сәуірде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы күшіне еніп, соған сәйкес жеңіл өнеркәсіп бойынша іске асырылатын инвестициялық жобаларға байланысты 3%-дық сыйақы мөлшерлемесінде қаржылай қолдау тетігі қарастырылған.

3%-дық пайыздық мөлшерлемемен зайымдық ақшаны ұсыну -  отандық жеңіл өнеркәсіпті қаржылай тұрғыда қолдаудың жаңа түрі. Оның операторы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ саналады. Бұл тетік шағын және орта бизнесті ынталандыруға бағытталып, орта және жоғары бөліністегі тауарларды өндіретін, сондай-ақ ішкі нарықтан шикізат сатып алуды көздейтін кәсіпорындарға басымдық берілмек.

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктелуіне сәйкес келесі қызмет түрлерін жүзеге асыратын кәсіпорындар тиісті қаражатты алуға мүмкіндігі бар:

  • тоқыма бұйымдарының өндірісін жолға қойған (ЭҚЖЖ 13-бөлімі);
  • киім өндіретін (ЭҚЖЖ 14-бөлімі);
  • былғары және оған қатысты өнімдерді шығаратын кәсіпорындар (ЭҚЖЖ 15-бөлімі).

Бұл ретте бір жобаға қарастырылатын зайымдық ақшаның шекті мөлшері – 5 млрд теңге.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025