Қоғам • 20 Сәуір, 2023

Жыл басынан бері 88 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы 6 жыл ішінде балалар мен жасөспірімдер арасында психоактивті заттарға тәуелділік 17 есе артқан. Бұл мәселені Мәжіліс депутаты Динара Шүкіжанова көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл басынан бері 88 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

Депутаттың айтуынша, 2023 жылдың басынан бері ел бойынша 88 келі синтетикалық есірткі тәркіленді, мұндай мөлшердің қара нарықтағы құны 1,7 млрд теңгеден асады.

Динара Шүкіжанова тәуелділіктің мұндай түрімен күресу іс-шараларын жүргізу барысында  Президент жанындағы Жастар кеңесінің рөлі аса маңызды деп санайды.

«Біз, «Республика» партиясының өкілдері келесі мәселелерді қарастыруды ұсынамыз. Заңнаманы қатаңдату: жасырын есірткі зертханаларын ұйымдастырушылар үшін жауапкершілікті күшейту. Ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді пайдалану арқылы есірткінің заңсыз айналымын үгіттегендер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастыру. Бұлтартпау шарасын уақытылы шығару мақсатында синтетикалық есірткінің сот сараптама өндірісінің мерзімін қысқарту», деді Мәжіліс депутаты.