Спорт • 20 Сәуір, 2023

Бибісара Асаубаева Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атанды

501 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шахматтың блиц түрінен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағын алды. Жас шахматшы қуанышты хабармен өзінің Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бибісара Асаубаева Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атанды

«Мені құттықтап қойсаңыздар болады. Алдарыңызда – шахматтан Қазақстандағы жалғыз Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері»,  деп жазды ол Instagram stories-те. 

Шахматтан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Дастан Қапаев та Бибісара Асаубаеваны құттықтады.

Бибісара Асаубаева 2004 жылы Тараз қаласында туған. 2019 жылы әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер атанса, 2020 жылы ерлер арасындағы халықаралық шебер атағын алды.

Жас спортшы шахматтың блиц түрінен 2021-2022 жылдары қатарынан екі рет әлем чемпионы болды.

Айта кетсек, 2021 жылы шахматтан әлем чемпионатында рапид бойынша күміс жүлдегер атанды.