Қоғам • 20 Сәуір, 2023

Алматы мектептеріне жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат тарады

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жалпы білім беретін 26 мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат тарады, деп хабарлады Egemen.kz  қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы мектептеріне жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат тарады

«Қаланың шұғыл жедел қызметтері осындай хабарларға алғашқы ден қою шаралары шеңберінде жарылыс-техникалық зерттеу жүргізді», делінген қалалық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомство бірнеше мектеп тексерілгенін, нәтижесінде ақпарат жалған болып шыққанын атап өтті.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жұмыс жалғасуда», деп жазды Алматы ПД баспасөз қызметі.

Дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау – бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.