Футбол • 19 Сәуір, 2023

«Реал» мен «Милан» – жартылай финалда

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан УЕФА Чемпиондар ли­гасының жартылай финалына шыққан алғашқы екі клуб белгілі болды.

«Реал» мен «Милан» – жартылай финалда

Турнирдің ширек финалына жос­пар­ланған бірінші қарымта матча осы тур­нир­дің 14 дүркін жеңімпазы «Реал» мен 2021 жылғы чемпионы «Челси» клубтары кез­десіп, Лондонда өткен ойын испаниялық клубтың жеңісімен аяқталды – 2:0. «Реал» сапынан екі голды да Родриго соқты. Осы­лайша, екі ойынның қорытындысы бойын­ша 4:0 есебімен жеңіске жеткен «Реал» жартылай финалға жолдама алды.

Ал екінші ширек финалда екі италиялық ұжым – «Милан» мен «Наполи» жасыл алаңда жолығып, алғашқысы келесі кезеңге шықты. Неапольда өткен қарымта ойын 1:1 есебімен тең аяқталса да, алғашқы матчта 1:0 есебімен жеңіске жеткен «Милан» жарыс­ты әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік алды.

 

Соңғы жаңалықтар

Көзді емдейтін құрылғы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Талдықорған түрленіп келеді

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Телефон тәрбиелеген буын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Көмірмен көмкерілген әшекейлер

Кәсіпкер • Бүгін, 07:55

Жаңғырған «Абай»

Театр • Бүгін, 07:50

Көне түркі шежіресі

Жәдігер • Бүгін, 07:40

Ядролық зымыран

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35