Елорда • 18 Сәуір, 2023

Көлік өрті өршіп тұр

285 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада автокөлік өрті көбейген. Жыл басынан бері темір тұлпарды жалын шарпыған 80-нен астам оқиға тіркелген екен. Мамандар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тілсіз жаудан келген қауіп 58 пайызға артқанын айтып, дабыл қағып отыр. Осыған орай Алматы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жедел рейдтерге шықты.

Көлік өрті өршіп тұр

Жыл басталғалы бір ғана Алматы ауданында 29 автокөлік өрті тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 есе артық, былтыр 11 өрт оқи­­ғасы тіркелген. Төтенше жағ­дайлар қызметінің мамандары көбіне ақауы бар жеңіл автокөліктер өртенетінін айтады.­ «Мұндай кезде көлік ішінде өрт­ сөндіру құралы болмаса, қы­зыл жалынды дер кезінде ауыз­­дықтау қиынға соғады», дейді­ құтқарушылар. Ал рейдке шық­қан құтқарушылар автокөлік иел­еріне өрт қауіпсіздігі ере­­­же­лерін сақтау бойынша ақ­па­­­­рат беріп, ескерту жасады.

­«Жүргізушілер бақылау-өл­шеу­ аспаптарын үнемі бақылап оты­­руға тиіс, егер құрылғылар кенет­тен жұмысын тоқтатса немесе тұрақсыз жұмыс істесе, көлікті тоқтатып, қозғалтқышты өшіру қажет. Қозғалтқыш бөлігін ашып, кілтипанның себебін анықтап алу керек. Мүмкін болса, батареяның нөлдік терминалын ажыратып, қозғалтқыш бөлігінің балқыған немесе тұйықталған сымдарда көрінуі мүмкін ақауларға назар салған жөн», деді Алматы ауданы ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғау майоры Ернұр Райымбеков.

Сонымен қатар бас маман өрт болған жағдайда бірден «101», «112» телефон нөмірлеріне хабар беру керектігін ескертеді. Ал құтқарушылар келем дегенше жалынды өрт сөндіргіштің көмегімен, ол болмаған жағ­дайда тығыз матамен, топы­рақ­пен, құммен өшіруге тырысу қажет.

«Капот астындағы тұтануды сөндіру кезінде біртіндеп және абайлап оны таяқпен, монтажбен, бүйірден ашыңыз, себебі капот күрт ашылған кезде жалын шығуы мүмкін және өрт сөн­­діргішті неғұрлым қарқынды жану ошағына бағыттаңыз немесе жалынды брезентпен жабы­ңыз, құм, борпылдақ топы­рақ, қар­ тастаңыз, су құйыңыз. Егер өзі­ңіз сөндіре алмасаңыз, онда авто­көліктен алшақ кету қажет, өйткені өрт жанармай құйылған багқа дейін жетіп, жарылыс болуы мүмкін», деп ескертеді азаматтық қорғау ма­йоры Ернұр Райымбеков.