Қоғам • 18 Сәуір, 2023

Екібастұз әкімдігі қаланы жылусыз қалдырған кәсіпкерді сотқа берді

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екібастұз қаласының әкімдігі «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-ін сотқа берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұз әкімдігі қаланы жылусыз қалдырған кәсіпкерді сотқа берді

Азаматтық іс облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралып жатыр. Қала әкімдігі апаттың салдарын жоюға бөлінген қаржыны кәсіпорыннан өндіріп алмақ.

Еске салайық, 2022 жылдың 28 қарашасы мен 8 желтоқсаны аралығында Екібастұз ЖЭО-да болған апатқа байланысты техногендік төтенше жағдай жарияланған еді.

Сол тұста жылусыз қалған 100-ге жуық тұрғын үйдегі жағдайды реттеп, желілерді ауыстыру үшін елдің басқа өңірінен жұмысшылар жұмылдырылды. Оларды орналастырып, тамақтандырып, төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген техникаларды жанар-жағармаймен қамту үшін жергілікті бюджеттің төтенше жағдайда пайдаланылатын қорынан 22 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

Қалалық прокуратураның ұсынысы бойынша кәсіпорынға аталған шығындарды өтеу туралы арыз, дауды сотқа дейін реттеу туралы талап жолданған. Ал «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС ақшаны қайтарудан бас тартқан.