Қоғам • 18 Сәуір, 2023

Суицид тек әскерде болады деу қате пікір - Бас әскери прокуратура

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әскердегі сарбаздардың өлімі жиілегеннен кейін, қоғамда әскерилердің өз-өзіне қол жұмсауы көп болады деген пікір қалыптасқаны рас. Дегенмен, бас әскери прокурордың бірінші орынбасары, әділет подполковнигі Мақсат Қазиев оның шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Суицид тек әскерде болады деу қате пікір - Бас әскери прокуратура

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары бұндай пікірдің ресми мәліметтермен сәйкес келмейтінін айтады.

«Құқықтық статистика комитетінің мәліметінше, 2018-2022 жылдары Қазақстанда 17 631 суицид және 21 332 оған оқталу жағдайы тіркелген, яғни 10 мың азаматқа 9 суицид және 11 өз-өзіне қол жұмсауға оқталу келеді. Олардың 86 суициді және 20 өз-өзіне қол жұмсауға оқталу дерегі әскерде болған, яғни 10 әскери қызметшіге 6 суицид және 1 өз-өзіне қол жұмсауға оқталу келеді», деді ол.

Мақсат Қазиевтің пікірінше, бұл деректер суицид көбіне әскерде болады деген түсінікті жоққа шығарады.