Дін • 16 Сәуір, 2023

Қадір түнінде періштелердің жерге түсетіні рас па?

2701 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қадір түнінде періштелердің жерге түсетіні рас па?

«Қадір» сөзінің бір мағынасы – «сығылысу». Осыған байланысты зерттеуші ғалымдар қадір сөзі «тарылу» мағынасын да білдіреді деген жорамалдар жасаған. Өйткені бұл түні жер бетіне періштелер толып кетеді.

«Қадір» сүресінде: «Ол түні періштелер және Жебірейіл (оған Алланың сәлемі болсын) Раббыларының рұқсаты- мен әр түрлі іс атқару үшін түседі», делінген. Сол түнгі көктен түсетін періштелердің саны жердегі майда тастардан да көп болады. Пенденің әрбір жасаған дұғасына «әмин» деп тұрады.