Төтенше жағдай • 16 Сәуір, 2023

Алматы маңында екі рет жер сілкінді

1202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдан бірнеше шақырым қашықтықта 2 рет жер сілкінді, деп хабарлайды Egemen.kz «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-ге сілтеме жасап.

Алматы маңында екі рет жер сілкінді

Бүгін сағат 07:40-та жер сілкінісі тіркелген. Оның эпиорталығы Алматыдан шығысқа қарай 325 шақырым қашықтықта, Қазақстан мен Қытай шекарасында болды.

«Энергетикалық санаты – 9.0. MPV магнитудасы – 4.0. Эпиорталық координаттары – 43.44° с.е. және 80.90° ш.б. Тереңдігі - 15 км. МSК-64 шкаласы бойынша сезілмеген», делінген хабарламада.

Ал екінші жер сілкінісі 08:55-те тіркелген.

Сейсмологтардың мәліметінше, Эпиорталығы Алматыдан шығысқа қарай 43 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.2. MPV магнитудасы – 3.8. Эпиорталық координаттары – 43.28° с.е. және 77.43° ш.б. Тереңдігі - 5 шақырым. МSК-64 шкаласы бойынша сезілмеді.