Қоғам • 12 Сәуір, 2023

Қазақстандық ғалымдар әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етіледі

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелер қызметкерлерінің ғылыми дәрежесі мен атағына қарай төленетін үстемеақы 1,5 есе артады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бірінші отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық ғалымдар әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етіледі

«Ғалымдардың мәртебесін дәйекті түрде көтеріп, оларды әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз ету шараларын күшейтуіміз қажет. Осы мәселеге байланысты академиктердің пікірімен келісемін. Ол үшін жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелер қызметкерлерінің ғылыми дәрежесі мен атағына қарай төленетін үстемеақыны 1,5 есе арттыру қажет», деді Президент отырыс барысында.

Мемлекет басшысының айтуынша, ғылымда кездсейсоқ жүргендерден гөрі, нағыз ғалымдарға бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту қажет.

«Сонымен қатар күрішті күрмектен айыра білуіміз керек. Көмекке, әсіресе материалдық тұрғыда қолдауға лайық нағыз ғалымдар жеткілікті. Сондай-ақ ғылыми атақтары бар, бірақ ғылымға еш қатысы жоқ ғалымдар да бар. Олар туралы кейінірек айтамын. Олар бұл атаққа тек әкімшілік, саяси қызметінің арқасында қол жеткізген. Сондықтан оларды шын ғалымдармен шатастырмайық. Ғылымда кездсейсоқ жүргендерден гөрі, нағыз ғалымдарға бөлінетін қаржыны ұлғайтқанымыз жөн», деді Мемлекет басшысы.