Аймақтар • 11 Сәуір, 2023

Алматыда қар көшкіні қаупі туралы ескерту жасалды

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы тұрғындары мен қонақтарына еріген қар көшкіні қаупі туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда қар көшкіні қаупі туралы ескерту жасалды

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, қазір ылғалды қар көшкіні жүріп жатыр. Мұндай көшкін астында қалғандардың іс жүзінде тірі қалуға мүмкіндігі жоқ.

«Синоптиктердің болжамына қарағанда, Алматы тауларында жауын-шашынға байланысты қардың 60 сантиметрден жоғары көтерілуі байқалады, мамандар қар көшкіні қаупінің жоғары (қызыл) деңгейін белгіледі. Кейінгі екі күнде ғана Алматы тауларында жалпы көлемі шамамен 50 мың текше метр болатын 10 қар көшкіні жүрді», делінген ТЖД таратқан хабарламада.

Бұл ретте, ТЖД және «Казселденқорғау» алматылықтарға, туристерге және мегаполис қонақтарына «Қазгидромет» РМК болжамына байланысты таулы жерлерде серуендеуден бас тартуды қатаң түрде ұсынады.