Есірткі • 05 Сәуір, 2023

Қостанайда есірткі курьері ұсталды

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 29 жастағы тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда есірткі курьері ұсталды

Жеке тінту кезінде a-PvP психотроптық есірткі затының 1 zip пакеті тәркіленді. Күдіктінің тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту жұмыстары барысында изолентаға оралған 74 zip пакеті және ұнтақ заты бар 5 zip пакеті тәркіленді.

Есірткінің жалпы салмағы 30,62 гр құрады, zip пакеттерінде a-PVP және мефедрон психотроптық есірткі заты болды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚК-нің 297-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.