Оқиға • 05 Сәуір, 2023

Серік Күдебаевтың шекарадан қалай заңсыз өткені анықталып жатыр

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды. Оның шекара асып қашып кеткені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Серік Күдебаевтың шекарадан қалай заңсыз өткені анықталып жатыр

Серік Күдебаевтың ісін қарап жатқан Талдықорған облыстық соты оған іздеу жарияланғанын мәлімдеген. Ол Қылмыстық кодекстің 370-бабының 4-бөлігінің 1-тармағы «Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» бойынша сотқа тартылған.

Алайда сот отырысы бірнеше рет кейінге қалдырылып келді. Ақырында оның елден қашып кеткені белгілі болды. Алайда ҰҚҚ Серік Күдебаевқа іздеу жарияланғаннан кейін оның ресми жұмыс істеп тұрған өткізу пунктері арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтпегенін хабарлаған.

Алайда Серік Күдебаев Қырғызстан арқылы үшінші елге кетті деген ақпарат тарады. Осы бойынша ҰҚК Шекара қызметі қызметтік тексерісті бастады. Бұл туралы ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-майор Ерлан Алдажұманов мәлімдеді.

Одан бөлек, Шекара қызметінің директоры бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.