Субсидия • 04 Сәуір, 2023

Қолжетімді субсидия

161 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Ол тек ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру немесе қайта өңдеу саласындағы басым жобалар бойынша тауарлардың бекітілген тізбесіне сәйкес қызметін жүзеге асыратын субъектілерге ғана субсидия беруді көздейді.

Қолжетімді субсидия

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Ауыл шаруашылығы министр­лігінің хабарлауынша, бұл жаңа­лық ауыл шаруашылығы өнім­де­рін өндіру және (немесе) қайта өңдеу саласындағы ЭҚЖЖ-ға сәй­­кес келмейтін бір күн­дік фир­малар­дың, жалған кәсіп­орындар мен субъектілердің субсидия алуын болдырмау мақсатында енгі­зілді.

Бұдан басқа субсидиялаудың ашықтығын арттыру және бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануды болғызбау үшін субсидия­лау тетігін іске асыру бөлігінде қаржы институттары мен қарыз алушыларға қойылатын талаптар күшейтілді. Қағидалардың жаңа редакциясына сәйкес, қаржы инс­титуты қарыз алушының (көрсе­тілетін қызметті алушының) қа­рыз шартының талаптарын сақ­тауын, оның ішінде кредит беруге арналған қарыз шарты бойынша қаражатты толық игеру және ны­са­налы пайдалану бойынша тексе­­руді қамтамасыз етеді, ал қарыз алушы қаржы институтына кре­­дит­­­тік қаражатты нысаналы пайда­ла­ну туралы тиісті ақпаратты ұсынады.

Сондай-ақ Қағидалардың жаңа редакциясында 2022 жылы Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі ұлғайғанға дейін қарыз шарттарын жасасқан АӨК субъектілерін субсидиялауға қол жеткізуді қам­та­масыз етуге бағытталған нормалар көзделген, бұған қоса базалық мөлшерлемені ескере отырып, суб­сидиялау тетігі сақталған. Бұл түзетулер субсидиялауға, оның ішінде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына қаты­сушы фермерлерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Тағы бір маңызды өзгеріс – қайта қаржыландырылатын қарыздардың сыйақы мөлшер­ле­мелерін субсидиялау бағдарлама­сына қатысу үшін мүмкіндікті қосу. Бұл фермерлерге кредит берудің неғұрлым тартымды шарттары бар бір қаржы институтынан екіншісіне – қаржыландырудың неғұрлым икемді шарттарымен ауысу мүмкіндігін береді, бұл ретте сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдауға қолжетімділік сақталады.

Сондай-ақ Қағидалардың жаңа редакциясы күшіне енген кезде субсидиялауға қол жеткізуді субсидиялау бағдарламасына қайта қатысқысы келетін, шарттары қайта қатысуға ұсыныс берілгенге дейін 4 жылдан астам және одан да көп уақыт қолданылатын АӨК субъектілері алады. Бұл қиын қаржылық жағдайға байланысты субсидиялау бағдарламасынан шығарылған фермерлерге қарыз шартын жасасу күніне қарамастан бағдарламаға қатысуын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Қағидаларда ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелерінен осы мүшелер тұ­ра­тын ауыл шаруашылығы коопе­­ра­тивіне борышты аудару себе­бі бойынша қарыз шартына тиісті өзгерістер енгізілген жағ­дай­да, ауыл шаруашылығы коопе­ративінің қарыз шарттары бойын­ша борышты өз мүшелеріне ауыстыру кезінде, ауыл шаруашы­лығы кооперативінің қарыз шарт­тары бойынша борышты ауыл шаруа­шылығы кооперативінің басқа мүшесіне беру кезінде, сон­дай-ақ дара кәсіпкер ретінде қыз­меттің басталғаны туралы ха­бар­­ламада көрсетілген деректер өзгерген кезде субсидиялау шар­ты­ның деректемелерін өзгерту мүм­кін­дігі көзделген.

Мұның барлығы фермерлердің кредиттік қаражатқа қолже­тімді­лігін арттыруға, кредиттік жүк­те­мені азайтуға және бюджет қаражатының мақсатты пайдала­нылуын қамтамасыз етуге мүмкін­дік береді.