Қоғам • 31 Наурыз, 2023

Кентау қаласының бұрынғы әкімі қамауда отырғаны расталды

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кентау қаласының бұрынғы әкімі Рашид Аюпов Астана қаласы бойынша түзеу қызметі департаментінің №64 (СИЗО) аралас күзет мекемесінде қамауда отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кентау қаласының бұрынғы әкімі қамауда отырғаны расталды

ҚР Ішкі істер министрлігі пенитенциарлық жүйе комитетінің деректері бойынша, бұрынғы шенеунік 2022 жылғы 17 қазаннан бастап жалпы негізде Астана қаласы қылмыстық Әділет департаментінің тергеу изоляторына қамауға алынған.

ІІМ мәліметінше, тергеу изоляторларында қамалған адамдардың қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мекеме кітапханасынан кітап алуға, адвокаттармен, қоғамдық қорғаушылармен және туыстарымен кездесуге мүмкіндігі бар. 

Рашид Аюпов 1981 жылы Кентау қаласында дүниеге келген. Ол әр жылдары Түркістан облысы әкімінің орынбасары, Түркістан қаласының әкімі, Кентау қаласының әкімі лауазымдарын атқарған.

Экс-әкімге қандай айып тағылып отырғаны әзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025