Қоғам • 31 Наурыз, 2023

ҰҚК операциясы: Есірткі контрабандасы арнасының жолы кесілді

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасына қатысы бар халықаралық есірткі синдикатының әрекетін бейтараптандырды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК операциясы: Есірткі контрабандасы арнасының жолы кесілді

«Жедел жете тексеру барысында шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағына теңіз жолымен опиаттар мен басқа да тыйым салынған заттарды жеткізудің тұрақты арнасын ұйымдастыруға қатысы бары анықталды. Жедел қызметкерлер Каспий су айлағы арқылы есірткіні тасымалдау бағдарлары мен тәсілдерін егжей-тегжейлі айқындады. Есірткі тобының мүшелері оларды анықтауда қиындық тудырған қазіргі заманғы спутниктік навигация құралдарымен және GPS-пен жабдықталған шағын жылдам жүретін кемелерді пайдаланған», делінген хабарламада.

26 наурызда Маңғыстау облысында операцияның аяқталу кезеңінде ҰҚК мен «А» арнайы бөлімшесінің қызметкерлері есірткі арнасын ұйымдастырушыны және оның үш көмекшісін ұстаған.

Оларды ұстау ҰҚК Шекара қызметінің катерлерімен жағалау аймағын бөгеу арқылы жүргізілген. Бақылау ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) пайдалану жолымен жүзеге асырылған.

«Контрабандашылардың су көлігін тексеру кезінде 30 кг-дан астам апиын және 10 қаптама «метадон» психотроптық заты табылды. Осы іс бойынша материал СТБТ-да тіркелді, тергеу іс-шаралары прокуратура органдарымен өзара іс-қимылда жүргізіліп жатыр», делінген ҰҚК мәліметінде.