Әлем • 30 Наурыз, 2023

Норвегияда Наурыз мерекесі тойланды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«NorKaz» ұйымы мен Қазақстан Республикасының Норвегиядағы елшілігі Наурыз мейрамын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Норвегияда Наурыз мерекесі тойланды

Іс-шара барысында өткен мәдени бағдарлама қазақстандық музыкалық шығармалар мен билерді, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ырымдары туралы викториналарды, сондай-ақ спорт ойындары және т.б. қамтыды. Сонымен қатар қатысушыларға қазақ ұлттық тағамдары, оның ішінде Наурыз көже ұсынылды.

Іс-шара барысында елші Әділ Тұрсынов және «NorKaz» ұйымының жетекшілері Бағытжан Калиев пен Лайла Мукушева сөз сөйледі.

Норвегияның «мұнай астанасы» атанған Ставангер қаласында шамамен 100-ге жуық отандас тұрады. Олардың басым бөлігі мұнай-газ саласындағы компанияларда жұмыс істейді.