Елорда • 29 Наурыз, 2023

Елордалық балалар би жұбы Мәскеуде өткен ашық кубокта жеңіске жетті

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астаналық Аляуддин Латкен мен Томирис Айманбетова Мәскеуде өткен «спорттық би тарихы» бойынша Ресей би Одағының ашық кубогында бірінші орын алды. Балалар би жұбы «Ювеналы-2» және «Латина» номинациялары бойынша сынға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордалық балалар би жұбы Мәскеуде өткен ашық кубокта жеңіске жетті

Жеке бапкерінің айтуынша аталмыш жарыс ағартушылық және тәрбиелік маңызы зор спорттық іс-шара аясында өтті.

«Бишілерді сәтті дебютімен құттықтаймын. Бұл жұп екі санат бойынша сайысқа түсіп жеңіс тұғырынан көрінді. Қазіргі таңда балалар Астана қаласындағы екі би клубын, яғни «Bravos» және «Амоre Vita» ұсынып жүр. Турнир барысында би аңыздары, көрнекті бишілер мен осы спорт түрінің қайраткерлері туралы айтылды. Алдағы жоспарымыз — осы жылдың сәуір айында Блэкпул (Лондон, Англия) турниріне қатысып, жүлделі орындарға ие болу», дейді балалар би жұбының  жаттықтырушысы Польских Владислав.

Айта кетейік, Томирис - Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Ал Аляуддин - әлем, Еуропа және Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері мен финалисі.