Президент • 29 Наурыз, 2023

Президент жаңа сайланған депутаттардың басты міндеттерін атады

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет және Парламент алдағы бес жыл ішінде шешуі тиіс мәселелерді атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент жаңа сайланған депутаттардың басты міндеттерін атады

«Алдымызда айрықша маңызды міндеттер тұр. Біз жан-жақты жаңғырту жұмысын күшейтуіміз қажет. Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму барысына тың серпін беруіміз керек», деді Президент VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы барысында.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан ұзақ уақыт бойы қолайлы сыртқы ахуалға арқа сүйеп келді. Ал халық неше түрлі тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сенді.

«Атқарылған жұмыс туралы жалған есепке сенуге мәжбүр болды. Алайда аса маңызды, өзекті мәселелер назардан тыс қалды. Халықтың тұрмыс сапасы әлі күнге дейін жақсы емес. Құқықтық әділетсіздік белең алды. Бай мен кедейдің арасы алшақтай түсті. Алдағы бес жылда Үкімет және Парламент осы негізгі мәселелердің шешімін табуы қажет», деді ел Президенті.

Мемлекет басшысы атап өткендей, ел экономикасында және әлеуметтік салада жылдар бойы жиналып қалған түйткілдер көп. Оның барлығын ретке келтіру үшін жұрттың бәріне бірдей жаға бермейтін, бірақ тиімді әрі қажетті шешімдер қабылдау тиімді болмақ.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024