Ауа райы • 28 Наурыз, 2023

Су деңгейінің көтерілу қаупі бар - Қазгидромет

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 29 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Су деңгейінің көтерілу қаупі бар - Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, Қазақстанның батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен жауын-шашын күтіледі.

Синоптиктердің хабарлауынша, республиканың қалған бөлігінде жоғары қысымды алқаптың әсерінен күн жауын-шашынсыз өтеді.

Республика бойынша тұман, желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте найзағай ойнап, солтүстікте көктайғақ болады.

«Алдағы тәулікте еліміздің оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендердегі, сондай-ақ республиканың жазық аумағындағы өзендерінде қардың қарқынды еруі, еріген ағынды сулардың қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және су деңгейінің көтерілуі күтіледі», деп хабарлады «Қазгидромет».

Жауын-шашынның болжамына байланысты оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы таулы өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде шамамен 0°С, күндіз +12+14°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +21+23°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, күндіз – жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +23+25°С.

Соңғы жаңалықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58