Сайлау • 28 Наурыз, 2023

Ринат Заитов партиялық тізім бойынша Мәжіліс депутаты болды

573 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«AMANAT» партиясының Саяси кеңесі Бюросының шешімімен 40 кандидаттың тізімі бекітіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ринат Заитов партиялық тізім бойынша Мәжіліс депутаты болды

«AMANAT» партиясына 40 депутаттық мандат берілген. Партия тізімі бойынша Мәжіліс депутаттарының қатарында Ринат Заитов бар. 

Танымал айтыскер-ақын 1983 жылы 17 қараша айында Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында дүниеге келген.

М.Төлебаев атындағы музыка колледжінің «Драмалық театр актері» мамандығы, Семей Мемлекеттік педагогикалық институтында филолог мамандығын тәмамдаған. 

Ринат Заитов 2001-2008 жылдар арасындағы аймақтық, республикалық және халықаралық айтыс додаларының жеңімпазы.

2021 жылы Алатау дәстүрлі өнер театры коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры болып тағайындалған.