Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақтың қайсар ұлы Жанқош Тұраров мексикалық Алехандро Менесесті техникалық нокаутпен ұтып, бірінші жартылай орта салмақ дәрежесі бойынша IBO нұсқасының чемпиондық белбеуін иеленді.

Негізі бұл атақ Алехандро Менесеске тиесілі еді. Былтыр көктемде Ұлыбританияда өткен жарыста ол жергілікті былғары қолғап шебері Сэм Максвелді айқын басымдықпен ұтып, әлем чемпионы атанды. 32 жастағы Мексиканың марқасқасы кәсіпқойлар арасында 21 кездесу өткізіп, 16 рет жеңіске жетті. Тоғыз қарсыласын есінен тандырды. Міне, осы деректердің өзі-ақ Менесестің осал боксшы еместігін аңғартса керек.
Жанқош Тұраровтың жүріп өткен жолы қазақ жанкүйерлерінің көз алдында. Талай талантты жастардың томағасын сыпырған Сағатбек Мұсахановтай майталман маманның қол астында жаттығатын қандасымыздың кәсіпқойлар арасында күш сынасып жүргеніне 14 жылдан асты. Сол аралықта 26 рет жұдырықтасқан Жанқош бірде-бір рет жеңілістің кермек дәмін татқан емес. 19 қарсыласын жұлындай ұшырды. Бұған дейін Тұраров Қазақстаннан бөлек, АҚШ, Доминикан Республикасы, Эквадор және Ұлыбританияда өнер көрсетті.
Өзіне ғана тән жұдырықтасу мәнерімен көзге түсіп, жанкүйерлер жүрегін жаулап алған Жанқош осы күнге дейін де бірнеше ортаңқол нұсқалар бойынша чемпиондық белбеуді иеленді. Десек те, осы сәтті ол ұзақ күткен еді. Алматыда өткен бокс кешінде оның басымдығы бірден байқалды. Менесес бір қарағанда қопалдау және епсіздеу көрінгенімен, ашық айқасқа барудан еш қаймықпайтын нағыз қайсар жігіт екен. Бойы мен қолының ұзындығын өте жақсы пайдаланады. Жекпе-жек барысында ол «өліспей беріспеймін» дегендей сыңай танытып, Тұраровқа әжептәуір қарсылық көрсетті. Тіптен, бірнеше ауыр соққыларын да дарытты.
Қазақ боксшы бұл жерде қожайын кім екенін көрсету үшін үнемі шабуыл өтінде жүрді. Әсіресе, оның үшінші және төртінші раундтарда жұмсаған ауыр соққылары қарсыласын тәлтіректетіп тастағандай көрінді. Тек гонгтың арқасында ғана Алехандро «аман» қалды. Тоғызыншы раундтың соңында мексикалықтың көзі қанап кетті. Үзіліс кезінде дәрігерлер оған көмек көрсетіп, жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат берді. Бірақ Менесестің бапкерлері боксшының денсаулығын ойлап, 10 раундта рингтің ортасына шығармады. Сөйтіп, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен Жанқош Тұраров әлем чемпионы атады!
«Алматы Аренада» өткен жарыста тағы бірнеше өте қызықты жекпе-жектерді тамашаладық. Атап айтсақ, Бекман Сойлыбаев (15-1, 6 КО) осыған дейін ешкімнен жеңілмеген филиппиндік Женел Лаусаны (12-0, 7 КО) үшінші раундта бүйірден ұрып құлатып, WBA Inter-Continental нұсқасының алтын белбеуін иеленді. Дәурен Елеусінов (10-2-1, 9 КО) өзбекстандық Бахром Паязов (22-21, 15 КО) екінші раундта есінен тандырды. Танымал бапкер Дастан Сәдуақасовтың шәкірті Бауыржан Бейілдиновтің де өнері жергілікті жанкүйерлердің көңілінен шықты. Тең дәрежеде өтіп жатқан бәсекенің төртінші раундында ол өз қарсыласын бауырдан оңдырмай ұрып, нокаутқа жіберді.
Көктемнің соңғы күнінде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Қаржы • Кеше
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...» атты кеш өтті
Мәдениет • Кеше
Ата-ана құқығынан айырылуға не себеп болады?
Қоғам • Кеше
Қазақ балуандары – Азия чемпионатының жеңімпаздары
Спорт • Кеше
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Кеше
Мәдениет саласының ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетіледі
Мәдениет • Кеше
Индустриялық даму комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алты өңірде АИТВ жұқтыру дерегі артты
Медицина • Кеше
Шымкентте екі полицей пара алды деген күдікке ілінді
Қоғам • Кеше
Астанада студенттерге арналған 5 жатақхана салынады
Елорда • Кеше
Журналистерге арналған «Парасат» конкурсы басталды
Қоғам • Кеше
Жалған ақпарат таратқан блогерлер жауапқа тартылады
Қоғам • Кеше
Сенаторлар босқындар мәселесін талқылады
Саясат • Кеше
Абай облысында 30 млн ағаш отырғызылады
Қоғам • Кеше
Елімізде 9 жаңа халықаралық әуе маршруты ашылады
Қоғам • Кеше
Осы аптада өтетін мәдени-спорттық іс-шаралар
Қоғам • Кеше
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Кеше
Қытайда жұмыссыз жастар көбейді
Әлем • Кеше
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Экология • Кеше
Алматы тауларында адасып кеткен туристер құтқарылды
Қоғам • Кеше
Алматыдағы танымал фастфуд дүкені өртенді
Қоғам • Кеше
«Семей орманы» табиғи резерватының басшылары сотталды
ANTIKOR • Кеше
30 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
280-нен астам инвестициялық жоба іске қосылады
Инвестиция • Кеше
Үкімет сағаты: Инвестициялық ахуалды жақсарту
Сенат • Кеше
Жылу мен су тапшылығы шуға айналды
Мәселе • Кеше
Ұқсас жаңалықтар