Рамазан айы әр мұсылман үшін қасиетті әрі қадірлі. Сондықтан мұсылман жамағаты бұл айды асыға күтіп, ықыласпен қарсы алады. Осы орайда оразаға қатысты қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап дайындап, оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

Ораза ұстаған адам сәресі уақытында ұйықыдан тұрмаса оразаны жалғастыра бере ме?
Хадисте: «Сәресі ішіңдер, өйткені сәресіде берекет бар. Бір жұтым су ішсеңдер де сәресіні тастамаңдар. Сәресіге тұрғандарға Алла Тағала рақым етіп, періштелер кешірім тілейді», деп жазылған. Сәресі кезінде тілеген дұға-тілектер қабыл болады. Сонымен бірге сәресіге тұрған жан сүннет сауабын алады. Себебі сәресі ішу – пайғамбарымыздың сүннеті. Сәресіге тұрған адам соңынан сәресі уақыты шықпай тұрып «Тәһәжжуд» намазын оқып, Жаратқанға мінәжат еткені жөн. Ал физикалық тұрғыда сәресі ішу нәтижесінде адам күні бойы қуатты жүріп, ойы, көңіл күйі шашырамай, оразаны тиісті деңгейе атқарады және денсаулығына оң әсері тиеді.
Алайда сәресіні ұйықтап қалып немесе басқа да себептермен іше алмасаңыз, ауыз бекіте беруге болады.
Байқамай ауызға тамақ салып немесе су ішіп қойған жағдайда ораза бұзыла ма?
Оразаның алғашқы күндері әдет бойынша су не тамақ ішіп-жеп қойсаңыз, дереу аузыңызды шайып, оразаңызды жалғастырыңыз. Пайғамбарымыз хадисінде: «Кімде-кім ұмытып ішіп-жеп қойса, оразасын қайта жалғастырсын. Өйткені, оған Алла Тағаланың өзі ішкізіп-жегізген», дейді. Ал Ораза екенін есіне түсіріп, «болды, оразам бұзылды» деп тамақ жеуін әдейі жалғастырса, ол адам күнәһар саналмақ. Ондай жағдайда ораза айы аяқталғанда сол күннің қазасын өтеуі қажет.
Сілекей жұту оразаны бұза ма?
Ораза тұтқан жан аузындағы сілекейін не түкірігін жұтса ораза бұзылмайды. Тек ұзақ жинап, әдейі жұтуына болмайды.
Ауыз бекіту, ауыз ашу кезінде оқылатын дұғаларды қазақша айтуға бола ма?
Тілек дұғаларыңызды қай тілде айтсаңыз да, олар Алла Тағалаға жетеді. Сондықтан ауыз бекіту дұғасы мен ауыз ашу дұғасын өз ана тіліңізде айтудың сөкеттігі жоқ. Жаратушымыз тіпті біздің ойымызда тұрған, бірақ айтпаған тілектерімізді де біледі.
Жүкті әйелге ораза ұстауға бола ма?
Шариғатта құрсағында немесе емізулі баласы бар аналарға Рамазан айында ораза ұстамай кейінге қалдыруына рұқсат етіледі. Дегенмен жүкті келіншек оразаның балаға зияны жоқ екеніне сенімді болса, ұстауына кедергі жоқ. Хадистердің бірінде Пайғамбарымыз (с.ғ.а.) «Күмәнсіз Алла Тағала сапардағы адамға намазды қысқартып, оразаны жолаушыларға, жүкті және емізулі әйелге міндеттемеді...» дейді. Тек осы себептен ораза ұстамаса, кейін мүмкіндік туғанда оны қаза етіп өтейді. Бұл оразасы «қаза ораза» саналуына байланысты оны бөліп өтеуіне де болады. Оразаны намаз оқымаса да ұстай беруге бола ма?
Ораза әр адамның жеке құлшылығы. Намаз оқымасаңыз да ораза ұстап, ауыз бекітуіңізге болады. Жаратушыға бір табан жақындаған адамды «намаз оқымасаң, ораза ұстама» деп кеудесінен итеруге ешкімнің қақысы жоқ. Қайта ораза ұстаған жанға «оразаң қабыл болсын!» деп демеп, иман жолына келуіне ақыл-санамен, байыппен шақыру нағыз мұсылманның міндеті. Дегенмен ораза ұстаған соң намазға жығылуға да әрекет жасаған жөн.
Қадір түнінде таң атқанша ұйықтамай отыру міндет пе?
Рамазан айындағы ең қасиетті түн – Қадір түні. Бұл түні жасалған ғибадат 83 жыл сауаппен тең. Сол себепті осы түні нәпіл намаз, Құран оқып, ғибратты әңгімелер тыңдап өткізіңіз. Қадір түнінде көз ілмеу шарт емес. Бұл түнді жайылған дастарған басында немесе мешітте өткізу де міндет емес. Бастысы - өзіңіздің құлшылығыңыз. Мұндай жағдайда жұрттан қалыспай, көпшілік орындарына баруға емес, өзіңіздің рухани қуатыңызға, ішкі жан-дүниеңізге назар аудару маңызды.
Тіс жұлдырған адамның оразасы бұзыла ма?
Адам ораза кезінде қажеттілікпен тіс жұлдырса, бұл оразасын бұзбайды. Бастысы тіс жұлдырғанда аққан қан ішке кетіп қалмаса болғаны. Ал аңдаусызда қан ішке кеткен болса, сол күнгі қазаны кейін өтейді. Тіс жұлдырғанда көбіне анестезия, ауруды басатын дәрі салынады. Соңғы уақытта ғұламалар ине арқылы денеге барған дәрі оразаны бұзбайды дейді. Сонымен қатар ораза кезінде құсқан, ине салдырып дәрі қабылдаған (система алған) адамның да оразасы бұзылмайды деп есептеледі.
Күндіз моншаға түсуге, суға шомылуға бола ма?
Моншада адамның денесі буланады. Яғни бу су молекулаларынан құралғандықтан, буды жұтқанда еріксіз су бөлшектерін де жұтасыз. Сондықтан моншаға түсу оразаны бұзады деп саналады. Ал ваннаға, бассейнге түсу, душқа шомылу оразаны бұзбайды. Бастысы мұрын, ауыз арқылы су кіріп кетпеуін қадағалау қажет.
Көктемнің соңғы күнінде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Қаржы • Кеше
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...» атты кеш өтті
Мәдениет • Кеше
Ата-ана құқығынан айырылуға не себеп болады?
Қоғам • Кеше
Қазақ балуандары – Азия чемпионатының жеңімпаздары
Спорт • Кеше
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Кеше
Мәдениет саласының ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетіледі
Мәдениет • Кеше
Индустриялық даму комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алты өңірде АИТВ жұқтыру дерегі артты
Медицина • Кеше
Шымкентте екі полицей пара алды деген күдікке ілінді
Қоғам • Кеше
Астанада студенттерге арналған 5 жатақхана салынады
Елорда • Кеше
Журналистерге арналған «Парасат» конкурсы басталды
Қоғам • Кеше
Жалған ақпарат таратқан блогерлер жауапқа тартылады
Қоғам • Кеше
Сенаторлар босқындар мәселесін талқылады
Саясат • Кеше
Абай облысында 30 млн ағаш отырғызылады
Қоғам • Кеше
Елімізде 9 жаңа халықаралық әуе маршруты ашылады
Қоғам • Кеше
Осы аптада өтетін мәдени-спорттық іс-шаралар
Қоғам • Кеше
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Кеше
Қытайда жұмыссыз жастар көбейді
Әлем • Кеше
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Экология • Кеше
Алматы тауларында адасып кеткен туристер құтқарылды
Қоғам • Кеше
Алматыдағы танымал фастфуд дүкені өртенді
Қоғам • Кеше
«Семей орманы» табиғи резерватының басшылары сотталды
ANTIKOR • Кеше
30 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
280-нен астам инвестициялық жоба іске қосылады
Инвестиция • Кеше
Үкімет сағаты: Инвестициялық ахуалды жақсарту
Сенат • Кеше
Жылу мен су тапшылығы шуға айналды
Мәселе • Кеше
Ұқсас жаңалықтар