Спорт • 23 Наурыз, 2023

Малайзияда Қазақстан теннисшілері жартылай финалға шықты

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында теннистен командалық әлем чемпионаты Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінің жартылай финалистері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Малайзияда Қазақстан теннисшілері жартылай финалға шықты

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Мәдина Рахымның шәкірттері ширек финалда іріктеу турнирінің екінші ракеткасы – Үндістан командасын ұтты.

Алдымен Ева Корышева қарсыласын 6:1, 6:1 есебімен ойсырата жеңді. Содан кейін Еркежан Жаңатаева да қалыспады – 6:4, 6:7, 6:2.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 24 наурыз күні жартылай финалда Жапониямен ойнайды. Жапониялықтар ширек финалда Таиланд командасынан басым түсті.

Биыл Азия – Тынық мұхит аймағынан командалық әлем чемпионатының финалдық сатысына үш жолдама беріледі. Финалдық кезең жазда Чехияның Простеев қаласында өтеді.