Әлем • 22 Наурыз, 2023

Канадада Наурыз мейрамы атап өтілді

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан-Канада парламентаралық тобының бастамасымен Канада Парламентінде Наурыз мейрамы атап өтілді. Іс-шараны Қазақстан, Әзербайжан, Ауғанстан, Иран, Үндістан, Түркия және т.б. елдердің ұлттық диаспоралары бірлесіп ұйымдастырды. Қатысушылардың жалпы саны 600-ден асты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Канадада Наурыз мейрамы атап өтілді

Парламентаралық топтың мүшесі – Канада Парламентінің депутаты Чандра Арья Наурыз 5 мың жылдан астам ежелгі тарихы бар мереке екенін атап өтті. Оның айтуынша, жыл сайын Канадада бұл мереке ерекше тойланып, Наурызға қызығушылық өсуде. 

Канададағы шетелдік дипломатиялық корпус атынан сөйлеген сөзінде Қазақстан Елшісі Ақылбек Камалдинов Наурыз көктемнің дәстүрлі мерекесі ретінде шығыс күнтізбесі бойынша табиғаттың жаңғыруы, жаңару және жаңа жылдың басталуы идеясын бейнелейтінін атап өтті. Сондай-ақ ол Наурыз мейрамы жақсылықтың, берекенің, бақыт пен достықтың нышаны, дүние жүзіндегі көптеген халықтарға ортақ мереке екенін атап өтті.