Қоғам • 22 Наурыз, 2023

Дмитрий Петелин ғарыштан қазақ елін Наурыз мерекесімен құттықтады

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сынақшы-ғарышкер Дмитрий Петелин Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz «Костанайские новости» сайтына сілтеме жасап.

Дмитрий Петелин ғарыштан қазақ елін Наурыз мерекесімен құттықтады

«Құрметті қазақстандықтар әсіресе қостанайлықтар, жерлестер. Мереке құтты болсын! Маған ғарыштан Жерге қараудың сәті түсті, сіздерге айтарым - бір-біріңізге ренжімеңіздер, босқа ашуланбаңыздар.

Біздің ғаламшарымыз өте әдемі. Мұндай әдемі Жерде қиындық болуы мүмкін емес сияқты. Бүгін үлкен және жарқын мереке. Сіздерге бақыт тілеймін! Қиындыққа көз салыңыз, күннің батуы мен шығуын қуанышпен қарсы алыңыз, әр күніңізден рахат алыңыз және өмірдің әдемі екенін біліңіз!», деп тілегін білдірі Дмитрий Петелин.

Дмитрий Петелин 1983 жылы 10 шілдеде Қостанайда дүниеге келген.

2000 жылы техникалық-экономикалық мектеп-лицейді  бітірген.

2006 жылы Оңтүстік Орал мемлекеттік университетін «Авиа және тікұшақ жасау» мамандығы бойынша бітірген. Жуковскийдегі «Ғылыми-инжинирингтік компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің авиаконструкторлық бөлімінде инженер-конструктор болып жұмыс істеді. 2012 жылы ол Роскосмос ғарышкерлер корпусына сайланды.

2022 жылдың 21 қыркүйегінде Роскосмос ғарышкері Сергей Прокопьевпен және НАСА астронавты Франк Рубиомен бірге Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-22 ТПК-ның бортинженер-1» және ХҒС-68 бортинженері ретінде ұшырылды. 17 қарашада ғарышкер Сергей Прокопьевпен бірге 6 сағат 25 минутқа созылған ғарыштық саяхат жасады.