Қоғам • 21 Наурыз, 2023

«Қажымұқанның інісі». Түйе көтерген палуан

1083 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде түйені мойнына салып, көтеріп алған жігіттің видеосы тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қажымұқанның інісі». Түйе көтерген палуан

Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған шаралардың бірінде жас жігіт түйе көтерген. Әлеуметтік желі қолданушылары жігітке риза болып, әрі күш атасын танымас деп таңғалыстарын жазып жатыр. Бірі оны Қажымұқанға теңесе, енді бірі «Қажымұқанның інісі» деп қолпаштаған.

Бейнежазбада палуан түйені көтеріп 150 метрдей жер жүрген.