Сайлау • 19 Наурыз, 2023

Батыс Қазақстанда сайлау 504 учаскеде өтіп жатыр

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында 504 сайлау учаскесі барлық талапқа сай таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастап кеткен еді. Қазір дауыс беру қалыпты жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс Қазақстанда сайлау 504 учаскеде өтіп жатыр

Облыстағы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақовтың айтуынша, әкімшілік-аумақтық бірліктердегі өзгерістерге орай жаңадан 4 сайлау учаскесі құрылса, бұрынғы 5 учаске жабылып қалған. Сайлауға дайындық кезеңінде Орал қаласы мен бірнеше ауданда бос тұрған 116 вакансияға жаңа қызметкер алыныпты. Жалпы Батыс Қазақстан облысында 689 сайлау комиссиясы бар, олардың 171-і – округтік комиссия, 14-і – аумақтық сайлау комиссиясы. Бұл комиссиялар құрамында 4101 адам бар.

Қалада тұрғылықты мекенжайы бойынша еш жерде тіркелмеген азаматтар үшін 5 сайлау учаскесінде дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған. Шаһар іргесіндегі ауылдар мен саяжайлардағы сайлаушылар қоғамдық көлікпен тегін жүр. Сонымен қатар мүгедектерге инватакси қызметі ұйымдастырылған.