Қоғам • 19 Наурыз, 2023

Ерболат Досаев сайлауға жұбайымен бірге келді

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алғашқылардың бірі болып таңғы сағат 7-де №48 мектеп-лицейде орналасқан №388 сайлау учаскесіне Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерболат Досаев сайлауға жұбайымен бірге келді

«Бүгін өтіп жатқан сайлау Қазақстан өміріндегі маңызды оқиға. Бұл Мемлекет басшысы былтыр наурыз айында жариялаған саяси реформалардың соңғы кезеңін білдіреді. Мәжіліс пен маслихаттың сайланған депутаттары алдында жаңа міндеттер туындайды және олардың жұмысы Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және азаматтарымыздың өмір сүру деңгейін арттыру жөніндегі бастамаларды қолдауға бағытталуы тиіс. Қазақстан мен біздің сүйікті Алматының тағдырына шын жүректен алаңдайтын алматылықтар бей-жай қарамайтынына және жарқын болашаққа дауыс беретініне сенімдімін», деді Ерболат Досаев.

ҚР Конституциясына сәйкес, Парламент Мәжілісі аралас сайлау жүйесі бойынша Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 98 депутаттан тұрады. Бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі аумағы бойынша, яғни партиялық тізім бойынша Мәжілістің 69 депутаты, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша – 29 депутат сайланады.

А