Аталған учаскелерді еріген қар суы басқаны байқалған еді. Арнайы органдар қабылдаған жедел шаралар нәтижесінде үйлерді су басу қаупі барынша азайтылды.
Өңір әкімі Ералы Тоғжанов жағдайды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ облыс әкімі Сазды су қоймасына барды. Мамандар қазіргі жағдай туралы баяндап, су қоймасы штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.