Әлем • 15 Наурыз, 2023

Түркиядағы зілзаладан көз жұмғандар саны 48 мыңнан асты

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құтқарушылар әлі де апат аймақтарында жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркиядағы зілзаладан көз жұмғандар саны 48 мыңнан асты

Түркияда болған жер сілкінісі салдарынан 48 448 адам қайтыс болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) орталығында өткен брифингте Түркия вице-президенті Фуат Октай айтты.

Вице-президенттің айтуынша, 3 мыңнан астам құтқарушы апат аймақтарында әлі де жұмыс жүргізіп жатыр.

Жойқын зілзаладан кейін шамамен 1 млн 805 мың 842 ғимарат және 653 мың тұрғын үй апатты деп танылған.

Сондай-ақ апат орындарында қоқыстың 25 пайызы жиналды.