Ауа райы • 15 Наурыз, 2023

Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 15 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады

«Бүгін солтүстік-батыс циклон жырасы мен атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Елдің батысы мен шығысында ғана жоғары қысымды өрістің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», делінген хабарламада.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, елдің солтүстік бөлігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, елдің оңтүстік-батысында, батысында шаңды дауыл соғады.

Астанада ауа райы көшпелі бұлтты болады, өткінші жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Түнде тұман түседі. Ауа температурасы түнде минус 3-5, күндіз 0-2 градус аяз болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, алайда күн жауын-шашынсыз өтеді. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 15-17 градус жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 15-17 градус жылы болады.