Спорт • 13 Наурыз, 2023

Әлемдегі ең қымбат футбол құрамасы

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ең қымбат және әйгілі футболшылардан тұратын Дүниежүзілік құраманың тізімі жарияланды. Бұл тізімнің көш басынан француздық «ПСЖ-ның» шабуылшысы Килиан Мбаппе көрінді, оның құны 180 миллион евроға бағаланады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемдегі ең қымбат футбол құрамасы

Әлемнің ең қымбат футбол құрамасы тізіміне барлығы 11 спортшы ілінген, ал бұл команданың жалпы құны - 1,17 миллиард евроны құрайды.

Дүниежүзілік футбол құрамасының толық тізімі келесідей:

Қақпашы: Тибо Куртуа («Реал», 60 миллион евро).

Қорғаушылар: Маттейс де Лигт («Бавария», 70 млн), Йошко Гвардиол («РБ Лейпциг», 75 млн) және Рубен Диаш («Манчестер Сити», 75 млн).

Жартылай қорғаушылар: Педри («Барселона», 100 млн), Джамал Мусиала ("Бавария, 100 млн), Джуд Беллингем («Боруссия», 110 млн) және Филип Фоден («Манчестер Сити», 110 млн).

Форвардтар: Винисиус Жуниор («Реал», 120 млн), Эрлинг Холанд («Манчестер Сити», 170 млн) және Килиан Мбаппе («ПСЖ», 180 млн).