Ауа райы • 13 Наурыз, 2023

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 14-16 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, аптаның басында антициклон әсерінен жауын-шашын күтіледі.

«14-15 наурызда солтүстік-батыста, 15-16 наурызда солтүстікте, шығыста, республиканың оңтүстік облыстарында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен қар аралас жауын-шашын болады, оңтүстікте жаңбыр жауады», делінген «Қазгидромет» РМК таратқан хабарламада. 

Сонымен қатар Республикада тұман күтіледі, көктайғақ болып, кей жерлерде жел күшейеді.

Синоптиктердің мәліметінше, температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.