Сонау 2020 жылы Димаштың жанкүйерлері оның құрметіне Алматыда қабырға суретін – муралын салған еді. Оның орындаушысы - алматылық суретші Батыр Сәдуақасов.
«Жоба үлкен қиындықпен жасалды, ол ресми органдармен келісу мен қаржылық қолдауды қажет етті. Бізге бояуға, роликтерге, мұнараны жалға алуға, проекторға ақша керек болды. Осы кезде алматылық кәсіпкерлердің бірі бастаманы қолдап, әлемнің 65 еліне белгілі қабырға суретін жасауға демеушілік жасады. Ең бастысы, Алматы Димаштың суреті салынған алғашқы қала болды. Өткен жылдың күзінде әкімдік үйге жөндеу жұмыстарын жүргізді, оның барысында қабырға жабыны айтарлықтай бүлінген», дейді қабырға суретін жасауға бастамашы болғандардың бірі Ерлан Ибрагим.
Қалалықтардың бастамашыл тобы қабырға суретін қалпына келтіруге қаражат жинап, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге қала әкімдігінің келісімін алды.