«Аяулы аналар!
Қымбатты арулар!
Баршаңызды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазіргі кезеңде әйелдер қауымы қоғамдық өмірдің ең белсенді бөлігіне айналып отыр.
Қазақстанда 4,3 млн әйел жұмыспен қамтылған. Бұл – еңбек майданында жүрген жалпы халықтың 48%-ы.
Мемлекет бизнеспен айналысуға ниетті әйелдерді бүтіндей қолдап келеді. ЭЫДҰ деректеріне сай, Қазақстанда кәсіпкер әйелдердің үлесі 45%-ды құрап отыр. Бұл – АҚШ және Түркия елдерімен салыстырғанда жоғары көрсеткіш.
Біздің елімізде әйелдер ер-азаматтармен қатар иық тірестіре жүріп, мемлекеттік басқару ісіне белсенді қатысып отыр. Егер 2010 жылы мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 52,7% болса, өткен жылы 55,4%-ға жетті.
Қазақстан гендерлік теңдік орнаған қоғам қалыптастыруда айтарлықтай жетістіктерге жетті.
Мемлекет алдағы уақытта да қазақстандық әйелдердің әл-ауқатын жақсарту үшін бар күшін салады.
Көрікті көктемнің осынау шуақты күнінде экономиканың сан түрлі саласында еңбек етіп, елдігімізді нығайтуға, кемел ұрпақ тәрбиелеп, отбасылық құндылықтарымызды баянды етуге өлшеусіз үлес қосып келе жатқан Сіздерге шынайы құрметімді білдіруге рұқсат етіңіздер. Баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын!», делінген құттықтауда.
Әлихан Смайылов нәзік жандыларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақмола облысында көлік аударылып, екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 13:23
Анна Данилина WTA турнирінің финалында өнер көрсетеді
Спорт • Бүгін, 13:01
Малайзия Премьер-министрі Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 12:50
Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасыға үй берілді
Үкімет • Бүгін, 12:41
Ерекше балаларға арналған «Қауіпсіздік әліппесі» фестивалі өтті
Елорда • Бүгін, 12:33
Атырау облысында тасжол опырылып түсті
Оқиға • Бүгін, 12:22