Оқиға • 03 Наурыз, 2023

Халықаралық іздеуде болған қазақстандық ұсталды

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылғы 28 ақпанда ҰҚК ШҚ Жамбыл бойынша департаментінің «Сортөбе» шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері Қырғыз Республикасынан Қазақстанға өту мақсатымен Мемлекеттік шекараны заңсыз кеспек болған халықаралық іздеудегі ҚР азаматын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халықаралық іздеуде болған қазақстандық ұсталды

Шекара қызметінің басшылығы заң бұзушыны ұстау кезінде көрсеткен өжеттілігі мен шеберлігі үшін ерекшеленген шекарашыларды марапаттау сұрағын қарастыруда.

Сонымен қатар 2023 жылғы 1 наурызда ҰҚК ШҚ Жамбыл бойынша департаментінің әскери қызметшілері «Айша бибі» өткізу бекетінде де Қазақстанда қылмыс жасаған ҚР азаматын ұстады.

Ұсталғандар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына тапсырылды.