Сайлау • 02 Наурыз, 2023

Көшпелі комиссияның кеңесі

239 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров және комиссия мүшесі Сәбила Мұстафина инспекциялық сапармен Павлодар облысы мен Астана қаласының аумақтық сайлау комиссияларына барды.

Көшпелі комиссияның кеңесі

Сапар барысында ОСК мүше­лері Парламент Мәжілісі мен мәсли­хаттары депутаттарының кезек­тен тыс сайлауын әзірлеу мен өт­кізу мәселелері бойынша жер­гілікті жерлерде көшпелі семи­нар-кеңестер өткізді. Іс-шара­ға жергілікті атқарушы орган­дардың өкілдері, облыс про­куратураларының қызмет­керлері, аумақтық сайлау комис­сиялары­ның мүшелері, кандидат­тардың сайлауалды штабтарының өкілдері, халықаралық байқау­шылар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Комиссия мүшелері семи­нарға қатысушыларға сайлау заң­нама­сының барлық жаңалық­тарын, сай­лау алдындағы үгітті қар­жы­лан­дыру мәселелерін түсін­дірді, 29 бір­ман­даттық округте канди­даттарды тіркеу бойынша қорытындыларды жеткізді, сондай-ақ алдағы сайлауға дайын­дық бойынша атқарылған жұмыс туралы өңірлердің есептерін тыңдады.

Павлодар облысы әкімі аппа­ра­ты­ның басшысы Дидар Иб­раев­тың мә­лім­деуінше, қалалар мен аудан­­дардың әкім­діктерінде Call-орталықтар іске қосылған.

– «109 бірыңғай байланыс орта­лығы» базасында тәулік бойы арнайы байланыс желісі, телеграм-ботта ЖСН бойынша іздеу сервисі жұмыс істейді. 25 ақпанда 512 200 адамнан тұратын сайлаушылар тізімі учаскелік сайлау комиссияларына берілді, – деді аппарат басшысы.

Ол сондай-ақ сайлауды өткізуге барлық 523 сайлау учас­кесі тартылатынын атап өтті. Олар­дың барлығы материалдық-техни­калық қамтама­сыз етілген, оның ішінде мүгедек­тігі бар адам­дардың қажеттіліктері ескерілген.

– Облыс бойынша дауыс беру кезінде ерекше жағдайларға мұқтаж 3 200 мүгедектігі бар сай­лаушы бар (899 кресло-арбаны пайдаланушылар, 1 553 көру қабілеті бұзылған және 784 есту қабілеті бұзылған). Барлық сайлау учаскелері мүмкіндігі шектеу­лі азаматтардың кедергісіз кіруіне бар жағдай жасалған ғимараттардың бірінші қабаттарында орналасқан, – деді Дидар Ибраев.

Мүгедектігі бар адамдарға ың­ғай­лы болу және оларды сайлау учас­келеріне жеткізу үшін дауыс беру күні «Инватакси» қызметі көрсетілетін болады. Есту және көру қабілеті нашар адамдар үшін әр учаскеде диагоналы 54 см компьютерлер, құлаққаптар, үлкейткіштер, Брайль шрифті трафареттермен жабдықталған бұрыштар да дайындалған.

Науқанды өткізу кезеңінде сайлау учас­келеріне бара алмайтын мүгедектігі бар адамдарға дауыс беруге арналған тасымалданатын жәшігі бар көшпелі комиссиялар ұйымдастырылады.

Сондай-ақ кеңес барысында облыс прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев сөз сөйлеп, сайлау үдерісіне қатысушылардың заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету жөнін­дегі қадағалау органының қызметі туралы хабардар етті.

Ал Астана қаласында өткен семи­нар-кеңес барысында ОСК мү­шелері аумақтық сайлау комиссиялары үшін нақты кейстер негізінде іскерлік ойын түрінде тренингтер ұйым­дастырды. Семинар-кеңес соңында Ортсайлаукомның мүше­лері аумақтық сайлау ко­мис­сияларының мүшелерін қызық­тырған сұрақтарға жауап берді.