«Ұсталған О.Токарев өзінің кінәсін мойындады және тергеуге көмектесуге келісті. Оған басқа шетел азаматтары – К.Литвиновтің, С.Шаповаловтың, Б.Демченко мен Я.Малышоктың белсенді көмек көрсеткені анықталды. Токаревтің өзі ұйымдастырушы және үйлестіруші ретінде, ал топтың басқа қатысушылары – Литвинов, Шаповалов және Демченко рекрутерлер рөлін атқарып, Қазақстан азаматтары арасынан араңдатуды тікелей іске асырушыларды, яғни «қабандар» деп аталатын орындаушыларды іздеумен және қылмыстық әрекетке тартумен айналысқан», делінген ІІМ ақпаратында.
Жедел-тергеу тобының мәліметінше, Я.Малышок хакерлік бағытқа жауапты болып (флуд, DDos, бұзу және т.б.), «Orda» және «Elmedia» сайттарына DDos-шабуылдарын өзі ұйымдастырған. Ол сондай-ақ «Ulysmedia» редакциясының сайтын бұзған.
Қазіргі таңда Бас прокуратурамен бірге Токаревтің сыбайластарын халықаралық іздеуге жариялау мәселесі пысықталып жатыр.