Қазақстан • 01 Наурыз, 2023

«Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия шешімімен әлемдегі жетекші университеттер мен салалық ұйымдарда тағылымдамадан өтетін 25 қазақстандық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында жарияланған.

Еске салсақ, биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау төрт лекке бөлінген:

  • Құжаттарды қабылдаудың алғашқы мерзімі - 2023 жылғы 9 қаңтар мен 27 қаңтар аралығында;
  • Қабылдаудың екінші легі - 3 сәуір мен 28 сәуір аралығында;
  • Үшіншісі - 5 маусым мен 7 шілде аралығында;
  • Төртіншісі - 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында өтеді.

Биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.